Байланыс телефондары: Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша (PDF 508 Kb)
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ
| № | Мемлекеттік қызметтер мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына жауапты | Телефон |
| 1. | Кирьянкова Ю.В. | 53-48-90 |
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс бағыттары
- Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу
Түзете-дамыта оқытудың мазмұны жеке дамыту бағдарламасымен (бұдан әрі - ЖДБ) айқындалады.
ЖДБ психофизикалық және сөйлеу дамуының ерекшеліктерін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді және баланың дамуының негізгі бағыттарын қамтиды: сөйлеу, когнитивтік, әлеуметтік-эмоционалдық, қозғалыс және өзіне-өзі қызмет көрсету. ДЖБ ППТК басшысымен бекітіледі.
ППТК түзету-дамыту процесінің ұйымдастырылуы оқу жұмыс жоспары және оқу сабақтарының кестесімен реттеледі.
ППТК білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға түзету-дамыта оқытуды ұйымдастыру формалары жеке немесе кіші топтық және топтық сабақтар болып табылады.
Нақты міндеттерді орындау нәтижелері бойынша жеке даму бағдарламасын (ЖДБ) іске асырудың тиімділігі бағаланады. ЖДБ тиімділігін бағалау әрбір түзету курсынан кейін жүргізіледі.
Кейбір балалар түзеу-дамыта оқыту курсын аяқтап, кабинетте психологиялық-педагогикалық қолдау алуды жалғастыра отырып, жалпы білім беретін балабақшаларға сәтті бейімделуде.
Түзете-дамытушылық білім берудегі соңғы кезең мектепке дейінгі немесе мектептегі білім беру ұйымдарына интеграция немесе инклюзия немесе ППТК жағдайында түзету-дамыту курсын жалғастыру болып табылады.
- Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және отбасына даму, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беру
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультативт көмек беру
2017 жылдан бастап кабинетте «Ата-аналар клубы» жұмыс істейді. «Ата-аналар клубы» аясында мұғалімдер жүргізген кеңестер:
- «Балаларды тұрмыстық дағдыларға үйрету»,
- «Үй жағдайында артикуляциялық гимнастика элементтері»,
- «Қарым-қатынас бұзылыстары бар балалармен түзету жұмысында PECS әдісін қолдану»;
- «Дыбыстардың айтылуын түзету жұмысындағы дайындық кезеңі»;
- «Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыстағы нейропсихологиялық әдістер»;
- «Классикалық массаждың негізгі әдістері»;
- «Көңілді логоритмика»;
- «Ойнап өсеміз немесе балаларға қандай ойындар қажет».
Мақаланы құрған күні 02.03.2021 12:51
Мақаланы жаңартқан күні 26.12.2025 12:36






