Сіздерді №2 ППТК ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз
Сайт беттерінде кабинетіміздің жұмысы, қызметтері, жаңалықтары, жетістіктері, түзету кабинетінде жұмыс істейтін мамандар туралы айтатын боламыз.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті - біздің екінші үйіміз, оған бәріміз қуана келеміз. Бұл мейірімділік, сыйластық, түсіністік орнаған үй. Біз баланы, оның құндылықтарын, өмір салты мен мінез-құлқын сынамай, айыптамай, сол күйінде қабылдаймыз.
Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі 71 А
(Автобустармен жүру: 24, 14, 101, 4А, 25, 16).
Тел.: 53-48-90.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы қаулысымен Петропавл қаласының «N2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ ашылды. Ашылу күні - 12 желтоқсан 2016 ж.
№2 ППТК білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда білім алушыларға, сондай-ақ, балалар бекітілген орта білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда үйде оқытылатындарға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.
ППТК-не балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-не қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде :
- сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;
- сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
- тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;
- зерде бұзылыстары бар;
- психикалық дамуы тежелген;
- эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар; балаларға көрсетеді.
Жеке және топтық түзету сабақтарын мамандар жүргізеді:
- мұғалім-логопед
- дефектолог
- педагог-психолог
- емдік дене шынықтыру мұғалімі
- әлеуметтік ұстаз
«Петропавл қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс істеген уақыт ішінде 1000 астам бала түзету көмегін алған.
Ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін «Петропавл қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» базасында көптеген іс-шаралар өткізілді, соның ішінде семинарлар, шеберлік сабақтары:
02.2020 ж. – Петропавл қаласының № 40 инклюзивті білім беру мектебінің «Дара» ресурстық орталығының және Петропавл қаласының № 2 мектеп мұғалімдеріне «Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарында JASPER әдісін қолдану» тақырыбына супервизия.
2020 жыл – мамандарға кеңес беру – «Тілі шықпаған балаларда инновациялық технологияларды қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру».
2020 жылдың қаңтарында Петропавл қаласында инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытушы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында №2 ППТК мамандары №40 инклюзивті білім беру мектебінің және №2 мектептің «Дара» ресурстық орталықтарының мамандарына жетекшілік ету шеңберінде дөңгелек үстел арқылы тәжірибелерімен бөлісті.
03.2019 ж. – «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін «Гросс тренажерларымен» жабдықтау жобасы»
30.05.2018 ж. – «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау мен түзетудегі заманауи әдістер» облыстық семинары
2018 жыл - «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу әдістемесі» мамандарға арналған кеңес
17.08.2017 - «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары» арнайы топтарға арналған мұғалімдер секциясындағы секциялық тамыз кеңес-конференциясы
2017 жылғы 12-13 маусым – «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» семинар/дөңгелек үстел.
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
- Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арнайы білім беру ұйымына оқуға түсу туралы өтініші (еркін түрде).
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Пікірлер





























