Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Сіздерді №2 ППТК ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз

Сайт беттерінде кабинетіміздің жұмысы, қызметтері, жаңалықтары, жетістіктері, түзету кабинетінде жұмыс істейтін мамандар туралы айтатын боламыз.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті - біздің екінші үйіміз, оған бәріміз қуана келеміз. Бұл мейірімділік, сыйластық, түсіністік орнаған үй. Біз баланы, оның құндылықтарын, өмір салты мен мінез-құлқын сынамай, айыптамай, сол күйінде қабылдаймыз.

Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі 71 А

(Автобустармен жүру: 24, 14, 101, 4А, 25, 16).

Тел.: 53-48-90.


Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы қаулысымен Петропавл қаласының «N2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ ашылды. Ашылу күні - 12 желтоқсан 2016 ж.

№2 ППТК білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда білім алушыларға, сондай-ақ, балалар бекітілген орта білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда үйде оқытылатындарға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.

ППТК-не балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-не қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде :

  • сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;
  • сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
  • тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;
  • зерде бұзылыстары бар;
  • психикалық дамуы тежелген;
  • эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар; балаларға көрсетеді.

Жеке және топтық түзету сабақтарын мамандар жүргізеді:

  • мұғалім-логопед
  • дефектолог
  • педагог-психолог
  • емдік дене шынықтыру мұғалімі
  • әлеуметтік ұстаз

«Петропавл қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс істеген уақыт ішінде 1000 астам бала түзету көмегін алған.

Ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін «Петропавл қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» базасында көптеген іс-шаралар өткізілді, соның ішінде семинарлар, шеберлік сабақтары:

 
15.06.2023 ж. — «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жағдайындағы түзету-дамыту жұмыстарының заманауи тенденциялары» облыстық семинары

02.2020 ж. – Петропавл қаласының № 40 инклюзивті білім беру мектебінің «Дара» ресурстық орталығының және Петропавл қаласының № 2 мектеп мұғалімдеріне «Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарында JASPER әдісін қолдану» тақырыбына супервизия.

2020 жыл – мамандарға кеңес беру – «Тілі шықпаған балаларда инновациялық технологияларды қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру».

2020 жылдың қаңтарында Петропавл қаласында инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытушы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында №2 ППТК мамандары №40 инклюзивті білім беру мектебінің және №2 мектептің «Дара» ресурстық орталықтарының мамандарына жетекшілік ету шеңберінде дөңгелек үстел арқылы тәжірибелерімен бөлісті.

03.2019 ж. – «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін «Гросс тренажерларымен» жабдықтау жобасы»

30.05.2018 ж. – «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау мен түзетудегі заманауи әдістер» облыстық семинары

2018 жыл - «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу әдістемесі» мамандарға арналған кеңес

17.08.2017 - «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары» арнайы топтарға арналған мұғалімдер секциясындағы секциялық тамыз кеңес-конференциясы

2017 жылғы 12-13 маусым – «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» семинар/дөңгелек үстел.


«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арнайы білім беру ұйымына оқуға түсу туралы өтініші (еркін түрде).
  2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

Пікірлер

Жаңалықтар

Хабарландыру
13.03.2026

Хабарландыру

2026 жылғы 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға және таратуға, сондай-ақ арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін д

№ 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде балаларға үлкен қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлаған жаңа жылдық ертеңгілік өтті
26.12.2025

№ 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде балаларға үлкен қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлаған жаңа жылдық ертеңгілік өтті

№ 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде балаларға үлкен қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлаған жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Оқу бөлмесі әдемі безендіріліп, жайлы және мерек

Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыз!
29.08.2024

Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыз!

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылығын жариялаған Конституция еліміздің табысты дамуының негізі болып табылады және қоғамымызда саяси, экономикалық және ә

М.Қозыбаев атындағы
14.03.2024

М.Қозыбаев атындағы "Солтүстік Қазақстан университетінің" 2 курс студенттері 12.02.2024 ж. бастап 02.03.2024 ж. аралығында "№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде" психологиялық-педагогикалық практикадан өтті

Практика шеңберінде студенттер ППТК қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстармен, материалдық-техникалық базамен, педагог-психологтың, а

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
14.12.2023

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»

2023 жылы "Петропавл қаласының № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ “Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" ме

Конкурс
01.08.2023

Конкурс

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті&r

2023 жылдың 15 маусымында №2 ППТК базасында «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайындағы түзету-дамыту жұмысының қазіргі заманғы тенденциялары» тақырыбында облыстық семинар өтті
15.06.2023

2023 жылдың 15 маусымында №2 ППТК базасында «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайындағы түзету-дамыту жұмысының қазіргі заманғы тенденциялары» тақырыбында облыстық семинар өтті

Облыстық семинардың мақсаты – әлеуметтік-педагогикалық үлгіге көшуге байланысты ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мамандарға әдістемелік, педагогикал

Көптен күткен жаз да келіп жетті. Жаздың бірінші күнінде барлығы тамаша мереке – Балаларды қорғау күнін тойлайды
01.06.2023

Көптен күткен жаз да келіп жетті. Жаздың бірінші күнінде барлығы тамаша мереке – Балаларды қорғау күнін тойлайды

Бұл балалар үшін көңілді және қуанышты мереке ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға балалардың сүйіспеншілікке, үнемі қамқорлық пен қорғауға мұқтаж екенін еске салады. №2 ППТК ұжы

Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области