«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бос лауазымға конкурс жариялайды: 1 жүктемеге әлеуметтік педагог.
Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 71А
Тел.: +7 (7152) 53-48-90
Эл.мекен-жайы: ppkabinetkor@mail.ru
Еңбекақы: айына 160 000 теңгеден бастап (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Әлеуметтік педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
Білуі керек:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;
2. өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
3. әлеуметтік педагогика;
4. оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
5. арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
6. педагогикалық этика нормалары;
7. еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау: 1.08.23-09.08.2023 ж. (7 жұмыс күні)
Электрондық немесе қағаз түріндегі құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Қаралым саны: 328



